Қысқы бақ
1979 жыл Халықаралық балалар жылы деп жарияланған кезде Қазақстан Магниткасының металлургтері теміртаулық балаларға сыйлық жасады – 1950-60 жылдары салынған саяжолдардың арасында балалар саябағы ашылды. Саябақтың ашылуына Қарағанды металлургия комбинатының директоры О.И. Тищенко бастамашы болды.
Парктегі ең көне орындардың бірі - 1957 жылы салынған жазғы сахна. Мұнда үрмелі оркестрдің музыкасына би кештері өткізілді. Сол кездегі көптеген теміртаулықтар осы эстраданың жанында өткен іс-шараларда танысты.
Бүгінгі таңда саябақта 12 аттракцион, ойын павильоны, Аквариум, Тир, Қисық айналар және саябақтың жарық жұлдызы - Қысқы бақ бар.
Қысқы бақ 1993 жылы есігін айқара ашты. Ауданы 2000 ш.м. асатын жылыжай Қарағанды металлургия комбинатының директоры А. Г. Свичинскийдің (1990-91 жж.) бастамасымен салынған. Өсімдіктер Алматы және Қарағанды ботаникалық бақтарынан әкелінген.
Қаланың көптеген қонақтары Қысқы бақ коллекциясын толықтыратын түрлі өсімдіктер отырғызады: ҚР тұңғыш ғарышкері, Қазақстанның батыры Тоқтар Әубәкіров сауырағаш отырғызды; сынақшы - ғарышкер, Қазақстан қаһарманы Талғат Мұсабаев және «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева қарапайым олеандрларды отырғызды.
Қазіргі уақытта Қысқы бақта 120-ға жуық өсімдік түрлері бар, олардың отаны тропикалық, субтропикалық елдер және жер шарының шөлді аудандары: монстера, банан, фикус, құрма пальмасы, інжір, маммиллиялар және басқалары.